«Атырау – Алматы» пойызында жас келіншек босанды

Автор: Azattyq Rýhy

Сәби сағат 21:52-де дүниеге келді

Фото: kaz.zakon.kz

№29/30 бағытындағы «Атырау – Алматы» жолаушылар пойызының бригада қызметкерлері жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Атыраудан Шымкентке бағыт алған жас ананы жолда толғақ қысқан. Жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына барлық жағдайды жасады.

«Нұсқаулыққа сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай орын алғанда пойыз  машинистіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем көлігін шақырды», делінген. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алды.