ТЖМ Абай облысындағы өртті жоюға қатысқандардың күнделікті өмірін көрсетті

Автор: Azattyq Rýhy

Абай облысындағы табиғи өрт 25 мамыр күні кешке оқшауланған еді

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы өртті жоюға қатысқандардың күнделікті өмірін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомстваның Telegram каналына сілтеме жасап. 

Өртті жою кезінде бір-бірін алмастыра отырып, өрт сөндірушілер құрал-жабдықтарын ретке келтіріп, далада тамақ ішеді, содан кейін отпен күресуге қайта оралады.

Үздіксіз жұмыс жағдайында облыс әкімдігі жедел штабтың жанында далалық жағдайда шағын асхана ұйымдастырды.

Еріктілер, жергілікті тұрғындар және қамқор адамдар да қажетті өнімдерді қосымша жеткізуге ниет білдірді.