Синоптиктер алдағы демалыс күндерге арналған ауа райына болжам жасады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 27-29 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Республиканың көп бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр жауап, найзағай ойнайды.
Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, тек республиканың солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Республика бойынша жел күшейіп, республиканың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл сақталады.
Ел бойынша ауа температурасы батыс өңірлерде +32+37°С дейін, солтүстік-батыста +30+35°С дейін, солтүстікте +20+30°С дейін, орталықта +20+28°С дейін, оңтүстікте +30+38°С дейін жоғарылайды, оңтүстік-шығыста +20+25, таулы аудандарда +10+15°С дейін аздаған төмендейді, шығыста негізгі фон +23+28°С болжанады.