Германияның экономикасы құлдырады

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен жылдың төртінші тоқсанында ЖІӨ тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,5%-ке төмендеді

Фото: finance-monthly.com

ГФР Федералдық статистикалық мекемесінің сарапшылары екі тоқсан қатарынан елдің ЖІӨ қысқарғанын тіркеді. Бұл Германияның техникалық рецессияға енгенін білдіреді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Федералдық статистикалық мекеме жариялаған мәлімет бойынша, биыл алғашқы тоқсанда ЖІӨ алдыңғы үш аймен салыстырғанда 0,3%-ке қысқарған.

Былтыр төртінші тоқсанда ЖІӨ оған дейінгі тоқсанмен салыстырғанда 0,5%-ке төмендеді.

Сондай-ақ сарапшылар тұрғындардың сатып алу қабілеті төмендегенін атап өтті. Соған қарамастан биыл бірінші тоқсанда елде жұмыспен қамту артып, инфляция шамалы қысқарды.