$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысы ағын судың 80 пайызын Қырғызстаннан алып отыр

Су комитеті Қордай ауданында 2 су қоймасын салу үшін құжаттар дайындап жатыр

Жамбыл облысы ағын судың 80 пайызын Қырғызстаннан алып отыр
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысы ағын судың 80 пайызын Қырғызстаннан алып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгінде Жамбыл облысы (Жамбыл, Байзақ аудандары) 80% ағын суды Қырғызстаннан алады. Қырғызстанда 2 ірі су қоймасы бар. Мысалы, Киров су қоймасы Жамбыл мен Байзақ аудандарына байланысты, Орта Тоқай су қоймасы Қордай ауданына байланысты. Біз бірнеше рет осы мәселені көтердік. Қателеспесем, осыдан 3 апта бұрын Экология министрлігінің орынбасары, «ҚазСуШар» мекемесінің басшысы Бішкекке барып келді», - деді ол.

Онда агенттік төрағасымен кездескен.

«Бүгінгі проблема – (Қырғызстан тарапы( тиісті көлемде бізге суды беріп жатқан жоқ. Сарыбұлақ, Қайнар елдімекендерінде (су мәселесін) шешу үшін азаматтар былтыр Шу өзенінен Георгский магистральды каналы арқылы су сорғылар (насостар) пайдаланады. Осылайша, ең соңғы нүкте болған соң су көлемі жетпей қалады. Енді Шу өзеніндегі суды көтеру үшін биыл 4 сусорғы қоямыз. Республикалық бюджеттен ақша бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттарды әзірледік. Биыл жұмысты бастап, 2024 жылы аяқтаймыз. Сонда біз Шу өзенінен қосымша  1-2 куб суды Сарыбұлақ ауылына жеткізе аламыз», - деді ол.

Нұржігітов атағандай, Су комитеті Қордай ауданында 2 су қоймасын салу үшін құжаттарды дайындап жатыр.

«Биыл сол құжаттар дайын болады. 2024 жылы біз 2 су қоймасын салуды бастаймыз. Оларды 2024-2025 жылдары аяқтасақ, әр су қоймасына 15 млн куб жиналса, 30 млн куб болады. 30 млн куб су тапшылық болғанда, өзіміздің каналдарға секундына 1-2 куб суды береміз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары