Жұмысқа 5 заң жобасы алынды
Мәжілістің жалпы отырысында заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтаруға қатысты бірқатар заң жобасы жұмысқа алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Аталған бес заң жобасын «Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 3 Жарлығын орындау мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары әзірледі. Негізгі заң жобасы активтерді анықтау және қайтару үшін қажетті заңнамалық негіздер мен жаңа құралдардың болмауына байланысты активтерді қайтарудың тетіктерін айқындауға бағытталған.«Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң жобасын әзірлеудің негізгі мақсаты – заңсыз сатып алынған және шығарылған активтердің сақталуын, басқарылуын, өткізілуін және мемлекетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдаумен, қамтамасыз ету шараларын қолданумен, шығу тегін растаумен, іздестірумен (ашумен) байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу», - деді депутат Магеррам Магеррамов.
Ол атағандай, ілеспелі заң жобалар негізгі заң жобасының ережелерін жүзеге асыру мақсатында әзірленді және қолданыстағы заңнамаға бірқатар түзетуді көздейді.
«Атап айтқанда, «Прокуратура туралы» Конституциялық заңға, Азаматтық, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Салық, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстеріне және басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар қарастырылады. Жалпы саны 11 кодекс және 13 заңға түзутулер енгізу көзделеді. Заң жобаларын қабылдаудың мынадай оң әлеуметтік-экономикалық салдары бар: қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, заңсыз сатып алынған және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару арқылы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру, активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру, активтерді заңсыз сатып алуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою», - деді ол.
Депутат атағандай, «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасы және ілеспе заң жобалары қолданысқа енгізілгеннен кейін Бас прокуратураның құрылымында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жеке ведомство құрылатын болады, ол осы саладағы уәкілетті органның функцияларын орындайды.
«Бұдан басқа, мемлекетке қайтарылған активтерді жинақтау және басқару мәселелері бойынша арнайы мемлекеттік қор және басқарушы компания құрылатын болады. Бұл қайтарылған активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға бағыттауға және осы процесте ашықтық пен тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша, активтерді қайтару саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмысының нақты және ашық тетігі құрылатын болады. Комитет аталған заң жобаларын жұмысқа алуға дайын», - деді ол.
Заң жобалары: