Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында Тимофей Скатовтың жолы болды

Автор: Azattyq Rýhy

Отандасымыз турнирді сәтті бастады

Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған канадалық Габриэль Диалломен өткізді.

Бірінші партияда Т.Скатов 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте тай-брейкте қазақстандық спортшы жеңісті жұлып алды – 7:6 (8:6).

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Т.Скатов 5 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 4 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) шектелді.

Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 119-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненмен таласады.