Астанада құрылыс алаңындағы жарылыстан екі адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті екі адамның жарақат алғанын растады

Астанада «Хан шатыр» маңында салынып жатқан тұрғын үйдегі жарылыстан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Құрылыс алаңындағы дүмпулерден екі адамды күйік шалған. 31 және 32 жастағы құрылысшылардың бірінің қолын, өзгесінің беті күйіп қалған. Алайда екеуі де денсаулықтарына шағым жоқ екенін айтып, үйлеріне жіберілді», деді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.