Медеудегі өрттен қаза тапқан өрт сөндірушінің анасына орден табысталды

Автор: Azattyq Rýhy

Марқұм болған сержант Арслан Құрманбековтың анасына III дәрежелі «Айбын» ордені табысталды

Медеудегі өрт кезінде қаза тапқан сержант Арслан Құрманбековтың анасына III дәрежелі «Айбын» ордені табысталды, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

20 мамырда ҚР ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қаза тапқан сержанттың анасы Құрманбекова Бақытгүл Жолдасбекқызына III дәрежелі «Айбын» орденін тапсырды.

«Президенттің биыл 15 мамырдағы Жарлығымен қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Алматы ТЖД №7 ӨСБ аға өртсөндіруші-құтқарушысы Арслан Құрманбекова қаза тапқаннан  кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасымен марапатталды», - делінген хабарламада.