Демалыс күндері кей өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады

Автор: Azattyq Rýhy

Синоптиктер демалыс күндердегі ауа райына болжам жасады

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклонмен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелермен анықталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік облыстарда бұршақ жауады.

Синоптиктердің болжауынша, 20 мамырда батыста, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстікте, 20-22 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ, республикада жел күшейеді, республиканың оңтүстігінде бұрқасын болады деп болжанып отыр.

Қазақстанда температура фоны жоғарылауы ықтимал. Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады.