Ұлыбританияда үш адамның ДНҚ-сы бар балалар дүниеге келді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл әдісті қолданған кезде әйелден донорлық ұрық жасушасы алынады

Бұл генетикалық аурулардың тұқым қуалауын болдырмауға бағытталған экстракорпоральды ұрықтандырудың (ЭКҰ) жаңа процедурасының арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz сілтме жасап.

ЭКҰ-ның инновациялық әдісімен дүниеге келген балалар ана мен әкенің ДНҚ-сының 99,8% көшірмелеп алды, сондай-ақ ұрық донорының генетикалық материалының аз бөлігін қамтыды, деп жазады The Guardian.

Бұл әдісті қолданған кезде әйелден донорлық ұрық жасушасы алынады. Олардың көмегімен эмбриондар түзіліп, сперматозоидтармен жасанды түрде жақындастырылып ұрықтандырылады. ЭКҰ-ның бұл тәсілі  туа бітті емдеуге жатпайтын аурулардың тұқымқуалау қаупін азайтады.

Ұлыбританияда жаңа әдісті бірінші болып Англияның солтүстігіндегі Ньюкасл клиникасының дәрігерлері сынап көрді. Ұлыбритания Парламенті 2015 жылы үш адамның ДНҚ үлгілерін пайдалану арқылы жасанды ұрықтандыру жүргізуге рұқсат берген болатын.