Мемлекет басшысы Ржев округіндегі бауырластар зиратына гүл шоғын қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресейде жүр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ржев округі Трубино деревнясындағы майдандас жауынгерлер жерленген бауырластар зиратына гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Мемлекет басшысы Ржев түбіндегі сұрапыл шайқас кезінде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған боздақтардың рухына тағзым етті.

«Бауырластар зиратында қолында автоматы бар жауынгердің мүсіні орнатылған. Ескерткіштің жанындағы таста «1941-1945 жылдары неміс-фашист басқыншыларынан Ржевті азат ету үшін болған шайқаста қаза тапқан 881-ші атқыштар дивизиясы мен 331-ші зеңбіректі артиллериялық полктің майдандас жауынгерлеріне» деп жазылған.

Бұл жерде 2 мыңнан астам солдаттың денесі жатыр. Жерленгендер тізімінде Қазақстан Президентінің әкесінің ағасы - Қасым Болтаев та бар