Мәжіліс Төрағасы қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан жұртын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов әлеуметтік желідегі парақшасында Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!  9 мамыр  – жанкешті ерлік пен қайсар рухтың салтанат құрған күні. Бүгінгі бейбіт өміріміз, тыныштық пен тұрақтылығымыз осы жеңістің жемісі, ардагерлеріміздің қажыр-қайратының арқасы. Отан үшін от кешкен даңқты бабаларымыздың  ерлігін еске алып, рухына тағзым ету – өскелең ұрпақтың парызы», деп жазды Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын, олар қоғамның қамқорлығына бөленуге тиіс екенін атап өткен.

«Сондықтан соғыс және тыл ардагерлерінің ерен еңбегін еш уақытта ұмытпай, оларға бас июіміз керек. Баршаңызға зор денсаулық, жақсылық пен бақ-береке тілеймін! Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деді Мәжіліс Төрағасы.