Медеудегі өрт: Тағы бір өрт сөндіруші жарақат алды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Медеудегі өрттің егжей-тегжейін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2023 жылғы 7 мамырда 23сағат:52минутта Алматы қаласы, Медеу ауданы, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің филиалы, Кіші Алматы орманшылығының тау баурайында құрғақ шөптер мен құлаған ағаштартар (қураған ағаштар) жанып тұрғаны анықталды. Дереу Алматы қаласы ТЖД жеке құрамының 59 адамы мен 15 техника сондай-ақ, МҰТП жедел тобы жіберілді.

8 мамыр күні сағат 01:24-те қызметтік борышын орындау кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында 1994 жылы туған Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы қаза тапты.

Сондай-ақ,өртке қарсы қызметтің тағы бір қызметкері Алматы қаласы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Мамандандырылған жасақ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Оқасов Ерік Алмасбекұлы қолынан жарақат алды.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Өртті сөндіру жердің күрделі рельефімен, қатты желмен, биік құрғақ шөппен, қураған ағаштың көп мөлшерімен (құлаған құрғақ ағаштар) күрделенуде сондай-ақ, су төгетін құрылғысы бар Ми-171 ҚР ТЖМ «Қазавиаспас», Ми-8 "Қазавиаспас" АҚ тікұшақтары жұмылдырылды.

Оқиға орнында өртті жоюға "Іле Алатау" МҰТП қызметкерлері - 42 адам және ТЖД - 32 адам л/с 5 техника жұмыс істеуде .

Өрттің алдын ала ауданы 3 Га құрайды. 15-13 жағдай бойынша 13 су төгу жұмыстары (39 тонна) жүзеге асырылды. Оңтүстік-шығыс жағын оқшаулауға қол жеткізілді.