9 мамыр Қазақстанмен қатар, ТМД-ның өзге елдерінде Жеңіс күні ретінде аталып өтеді
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне орай «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады. Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
9 мамыр Қазақстанмен қатар, ТМД-ның өзге елдерінде Жеңіс күні ретінде аталып өтеді.
Германия әскері КСРО аумағына шабуыл жасаған 1941 жылдың 22 маусымы ТМД елдерінің ресми тарихында 4 жылға созылған алапат соғыстың басталған күні болып есептеледі.
1939 жылы одақ көлемінде жүргізілген халық санағы бойынша Қазақстанда 6,2 млн адам тұрған. 4 жылда қазақ даласынан 1 млн 200 мың азамат майданға аттанып, оның 601 мыңы қайтып оралмады.
100 мыңнан астам қазақстандық соғыстағы ерлігі үшін түрлі деңгейдегі орден, медальдермен марапатталды. Оның ішінде 99 майдангер Кеңес Одағының Батыры және Тәуелсіз Қазақстанның Халық Қаһарманы атақтарын иеленді