Даудан арылмаған Дайрабаев: Депутатқа қарсы петиция жарияланды

Azattyq Rýhy

Петицияда Дайрабаевтың ұлдарына қатысты жанжалда депутаттың да аты-жөні айтылғаны жазылған

Даудан арылмаған Дайрабаев: Депутатқа қарсы петиция жарияланды

Президенттік сайлауға түскенінен бастап оқтын-оқтын халық арасында талқыланып жүрген депутат Дайрабаев жайлы тағы әңгіме шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Stan.kz сілтеме жасап. Анығы оның отставкасын талап еткен петиция жарияланды. Петиция авторы депутаттың екі ұлы жемқорлықпен ұсталғанын, мемлекетке келтірілген 550 миллион теңгелік шығын қалпына келтірілмегенін жазған. Оған қоса Дайрабаевтың өз ұлдарын жақтап, қорғап сөйлегенін сөккен. 

Сонымен қатар, петицияда Дайрабаевтың ұлдарына қатысты жанжалда депутаттың да аты-жөні айтылғаны жазылған. 

«Компания өз елді мекенінде алаяқтық жолмен 10 мың гектар жерді иемденген. Ауыл тұрғындарына дивидендтер уәде етілді. Алайда олар ешқандай пайда таппады. Бұл мәселеде мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың есімі де аталды. Алайда депутат бұл алаяқтыққа қатысы бар екенін көпшілік алдында жоққа шығарды», — делінген петицияда.

Бүгінде петициямен 1531 адам келіскен. Петицияны қолдаған азаматтар депутат Жигули Дайрабаевтың өз өкілеттігінен бас тартуы керек деп санайды.

Бұған дейін Жигули Дайрабаев қыр соңынан қалмай, сын жаудырып жатқандардың кім екенін білемін деген еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.