Жаңаөзенде мұнай саласына орналасудың алгоритмі бар: Әкімдік тұрғындарды арандатушылыққа бармауға шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Аштық жариялаған тұрғындар кезекті айналып өтпек болған

Жаңаөзенде жұмыссыз азаматтар арнайы алгоритмге сәйкес жалпы кезек бойынша мұнай саласына жұмысқа орналаса алады. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аштық жариялаған тұрғындар бұған дейін жалпы кезекті айналып өтіп, мұнай-газ саласына жұмысқа орналасуды талап еткен болатын.

Оған әкімдік өкілдері кезекте тұрған басқа адамдарға әділетсіз болатынын айтып, келіспейтіндерін жеткізді.

«Қазіргі уақытта Жаңаөзенде жұмысқа орналасуға, біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар мүмкіндіктер бар. Айта кету керек, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасқан азаматтың мұнай саласына жұмысқа орналасуға тіркелген кезектілігі яғни алгоритм сақталады. Азамат басқа жұмыс істей отырып, мұнай-газ секторында өз кезегін күте алады деген сөз», - делінген хабарламада.

Қала әкімдігі азаматтарды қабылданған алгоритмнің шарттарын сақтауға, мұнай-газ саласына орналасу жөніндегі талаптарды орындауға және арандатушылыққа бармауға шақырды.