LRT-ның қаражатын жымқырғандарға сот үкімі шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Сұлтанбеков пен Ардан халықаралық іздеуде жүр

Фотоколлаж: Azattyq Ruhy/Нұрсұлтан Жорабаев

Астанада сот LRT жеңіл рельсті жер үсті көлігін салу кезінде жымқыру туралы істің тоғыз қатысушысына үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Сот шешімімен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан да жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, Сұлтанбеков пен Ардан халықаралық іздеуде. Олар сырттай сотқа тартылды.

«Ардан мен Сұлтанбековке қатысты үкім сырттай шығарылды, өйткені олар Қазақстаннан тыс жерде және Сотқа келуден жалтарды», — деді судья Виктория Семенова.

Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Астана мәслихатының бұрынғы депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісовке сот жеті жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады.

«Astana Innovations» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім шартты мерзімге жеті жылға сотталды. Оған үш жылға пробациялық бақылау тағайындалды.

«Астана LRT» компаниясымен жұмыс істеген кәсіпорын қызметкерлеріне сот келесі мерзімдерді тағайындады:

Сот Ұлықбек Ачиловты сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқырғаны және қылмыстық іске қатысқаны үшін кінәлі деп тапты. Оған орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен жеті жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды.

Дәурен Әбдіхамитов – жеті жыл бас бостандығынан айыру.

Тимур Қасабаев – үш жыл мерзімге пробациялық бақылаумен шартты түрде жеті жылға бас бостандығынан айыру.

Дулат Мұсенов – үш жыл мерзімге пробациялық бақылаумен шартты түрде жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.