Жигули Дайрабаев айналасында болып жатқан шуға қатысты пікір білдірді

Автор: Аягөз Құрмаш

Депутат балалары өз тірліктеріне өздері жауап беретінін еске салды

Фото: t.me/mazhilis_kz

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында депутат Жигули Дайрабаев өз айналасында болып жатқан шуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біздің артымыздан бәле іздеп, 1,5 млрд теңге ақшаны Дайрабаев алып, кепілдікке қойып кетіпті дейді. Менің ондай құқығым да жоқ. 1,5 млрд теңге деген күлкілі жағдай. Қазақтар «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп ұра береді. Дұрыстап қарау керек қой. Шу көбейгенде, 20 жыл өтіп кеткен дүние ғой. Мүмкін, мен Парламентке депутат болмаған кезде ауылда қалатын мәселе деп ойлаймын. Кімнің ұйымдастырып жатқанын білемін. Бірақ олардың деңгейіне түсе алмаймын. Менің ойым, қазақ бірін-бірі жақсы көруі керек, құрметтеуі керек. Біздің мүдде - мемлекеттік мүде. Басқа төмен деңгейге түсе алмаймын», - деді ол.

Депутат балалары өз тірліктеріне өздері жауап беретінін айтты.

«Құқық қорғау органдары өздері шешеді. Сот айналысады. Мен оставкаға кеткеннен, халыққа пайдам көбірек тиеді. Ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосамыз», - деді ол.