«Немолчиkz»: Кентауда педофил бостандықта жүр

Автор: Azattyq Rýhy

Жантүршігерлік қылмыс Түркістан облысының Кентау қаласында болған

26 сәуір күні сәрсенбіде кешкі сағат 8-де ер адам зорлық-зомбылық көрсету мақсатында 11 жасар қызға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Немолчиkz-ке сілтеме жасап.

Қыз бала ауладағы дүкенге барып келе жатқанда, педофил оның соңына түсіп, подъезге еріп кірген. Алдымен, аты кім екенін, қанша жаста екенін сұрап, әдемісің деп, құшақтай бастапты. Қыз айқайға басқанда, ол оны тамағынан қысып тұншықтырған.

«Артынша, төмпештеп көк ала қойдай етіп сабаған. Содан кейін аулаға сүйреп шығарып алып, басынан, бетінен таспен ұрғылай беріпті. Сол мезетте көршілер көріп қойып, «полиция шақырамын» деп айқайлағаннан кейін, педофил тұра қашқан. Полиция бұл істі «Бұзақылық» бабы бойынша тіркеп,  қылмыскерді бостандыққа жібере салыпты. Демек, қазіргі уақытта арсыз ойын іске асыра алмай қалған педофил аулаларда жаңа құрбанын іздеп жүрген де болуы мүмкін», деп жазды Немолчиkz әлеуметтік желідегі парақшасына.