Әлемде инфекция жұқтырғандар саны күн сайын 13,7 пайызға артуда
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус бойынша Қазақстандағы соңғы эпидемиологиялық жағдайды баяндады.
«ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. 4650 адамға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1217, 1 «б» санаты бойынша – 189, 2 санат бойынша – 3244 адам медициналық бақылауда болды. 11 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3974 адам бақылауда тұр», - делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, 11 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 90 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 20 адам, 2 санат бойынша – 36 адам, 3 санат бойынша – 34 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 90 адамның ішінен 52 адам шығарылды. 38 адам стационарда жатыр.
Әлем бойынша эпидемиологиялық жағдай:
Дүниежүзі бойынша 117 мемлекетте 38140 адам коронавирустық инфекция жұқтырған. 1135 науқас көз жұмды.
Министрлік берген мәлімет бойынша, әлемде инфекция жұқтырғандар саны күн сайын 13,7 пайызға, өлім-жітім 2,9 пайызға артып отыр.