Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қай түрі айрықша қымбаттады

Автор: Мира Байбек

Кейбір тауарлардың орташа бағасы жарияланды

Фото ашық дереккөзден

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға, жылдық мәнде 10,7%-ға өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық статистика бюроысының хабарлауынша, еліміз бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы жарияланды.

2023 жылғы 25 сәуірдегі көрсеткіш бойынша:

  • айран 2,5% – 399 тг/л;
  • қант – 442 тг/кг;
  • макарон өнімдері – 315 тг/кг.

Айта кетерлігі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

«Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады», - делінген бюро хабарламасында.