Олжас Сүлейменовтің жары өмірден өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Маргарита Владимировна 87 жасында қайтыс болды

Фото: yvision.kz

«Невада-Семей» қоғамдық антиядролық қозғалысының негізін қалаушы Олжас Сүлейменовтің әйелі Маргарита Владимировна дүние салды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Қайғылы хабар туралы журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook парақшасында жазды.

«87 жасында Олжас Сүлейменовтің жұбайы Маргарита Владимировна қайтыс болды», - делінген хабарламада.

18 мамырда белгілі қазақстандық ақын және қоғамдық-саяси қайраткер Олжас Сүлейменов 87 жасқа толады.

Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтарында Олжас Сүлейменов пен оның әйелі Маргарита Владимировна коронавируспен ауырған еді.

Azattyq Ruhy сайтының ұжымы Маргарита Владимировнаның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.