Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, солтүстікте, оңтүстік-батыста тұман болжанды
Синоптиктер Қазақстандағы 2023 жылғы 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың оңтүстігі мен солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, солтүстікте, оңтүстік-батыста тұман болжанды.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +25+27°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +25+27°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +29+31°С.