Алматы маңынан сойылған иттер табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық құқық бұзушылы кодексінің 316 - бабының 1-бөлігі «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша іс қозғалды

Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылының маңынан сойылған иттер табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Талғар ауданы Кендала кентінің аумағында орналасқан мал қорымы туралы бейнежазба анықталды. Қылмыстық құқық бұзушылы кодексінің 316 - бабының 1-бөлігі «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша Талғар ауданының полициясында тіркелді", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Қазір қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шараларының барлық кешені жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы ПД-ның бақылауына алынды.