Тікелей эфир кезінде Ердоғанның денсаулығы сыр берді

Автор: Azattyq Rýhy

Президент Ердоған тікелей эфирде асқазан тұмауына байланысты өзін нашар сезінді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жергілікті телеарналарға сұхбат беріп тұрған уақытта тікелей эфирде өзін нашар сезінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy РИА Новости сілтеме жасап.

Журналист министрлер кабинетіндегі ауыс-түйіске қатысты сұрақ қоя бастағаннан кейін эфир тоқтатылған. Ұзақ үзілістен кейін Ердоған тікелей эфирге қайта оралды. Көрермендерден кешірім сұрап, олардың саулығын тіледі. 
 «Кеше және бүгін сайлау алдындағы жұмыс көп болды. Сондықтан мен асқазан тұмауына шалдығып қалдым», - деді Түркия Президенті.

Президентке сұхбатты тоқтату туралы ой келген, алайда оным дұрыс болмайды деп ойлаған. «Біз уәде бердік және келдік», — деп сөзін сабақтады Ердоған.