Бұрынғы несиесі бойынша проблемасы бар адамдар жаңа онлайн несие ала алмайды – агенттік

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті

Коллаж: Azattyq Ruhy

Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа микронесие беруге тыйым салынады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Елімізде несие алғандардың саны неге көбейіп жатыр? Өйткені, олар банктегі бір проблемалық несиесін жабу үшін микроқаржы ұйымдарынан тағы бір несие алады. Енді осы бағытта шектеу қойылып, проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа онлайн несие беруге тыйым салынады. Яғни, біз адамның проблемалық несиесі тіркелсе, жаңа кредит беруге тыйым салу туралы ұсыныс енгіздік», - деді Мәдина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, бұл тыйым барлық несие түріне қатысты болады.