Әйелдерге қарағанда ерлердің жинағы көп – БЖЗҚ

Автор: Azattyq Rýhy

Ер-азаматтардың шотында орта есеппен 1,2 млн теңге бар

2020 жылдың 1 ақпанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке шоттардағы жинақтардың орташа сомасы 1,09 миллион теңге болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәселен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім – 11 пайыз. Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы – 1,2 млн теңге (2019 жылмен салыстырғанда өсім – 10%), ал әйелдерде – 949 мың теңге (өсім – 12%).

«Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен ашылған шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы – 509 мың теңге (өсім – 17 пайыз), ерікті зейнетақы жарналары бойынша – 48,5 мың теңге. Айта кетелік, бұл барлық салымшылардың – еңбек жолын жаңадан бастап, зейнетақы жарналарын қорға енді аудара бастаған және жарналарды жиырма жылдан астам уақыттан бері аударған адамдардың шотынан алынған сандар», - делінген хабарламада.  

БЖЗҚ мәліметінше, 1998 жылдан 2020 жылға дейін жарналарын тұрақты аударып келген салымшылардың зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 5,3 млн теңгені құрады.