Бүгін бірқатар өңірде күн ысиды

Автор: Azattyq Rýhy

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей аймақтарда күн ысиды

Синоптиктер алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, алдағы 3 күн еліміздің батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстік аймақтарда да жаңбыр күтіледі. 25-26 сәуірде Қазақстанның оңтүстік-шығысы пен шығыс өңірлерде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Сонымен қатар метеорологтар 25-26 сәуірде республиканың оңтүстік-шығысында да қатты жауын-шашын болады деп болжады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің қалған бөлігінде батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Бұдан бөлек республика бойынша тұман, желдің күшеюі, батыста және оңтүстік аймақтарда найзағай, шаңды дауыл болуы ықтимал. Ал шығыс өңірлерде түнде көктайғақ, оңтүстік-шығыс аймақтарда күндіз бұршақ күтіледі, дейді мамандар. 

Ауа температурасы бойынша күндіз батыс өңірлерде +23...+30 градусқа дейін ыстық, солтүстік-батыс, солтүстік және еліміздің орталығында +20...+27 градус ыстық болады деп болжануда. . Ал еліміздің шығысында ауа температурасы +15...+23 градус жылы болса, оңтүстікте сынап бағанасы +25...+33 градусқа көтеріледі. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы +17 градустан +25 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде.