ҰҚК террористік шабуылдың алдын алды

Azattyq Rýhy

Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді

ҰҚК террористік шабуылдың алдын алды

Жыл басынан бері ҰҚК терроризмге қарсы бөлімшелері оңтүстік Қазақстанда шетелдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы әзірлеген террористік актінің алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар Астанада радикалды діни ұяшық бейтараптандырылды. Оның 8 мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді. 

«Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Аталған қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында Терроризмге қарсы орталықтың үйлестіруімен 188 оқу-жаттығулары өткізілді. Құзыретті мемлекеттік органдардың күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталды», - делінген хабарламада.

Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.