10 наурызға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

10 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте және шығыста бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумағында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей аумағында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей тұста тұман түседі.

Павлодар облысының кей аумағында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, түнде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей аумағында тұман күтіледі, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысының кей аумағында түнде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей аумағында түнде және таңертең жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Тегтер: