Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалды Алматы маңындағы 2 мың гектар жерінен айырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл жерлер Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқан

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Әлия Назарбаева мен оның жиені Қайрат Сатыбалды Алматы маңында 2 мың гектар жерінен айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy KazTAG агенттігіне сілтеме жасап. 

Алматы облысының прокуратурасы Өңірлік қадағалау органының Назарбаева мен Сатыбалды иелігіндегі жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарғанын растады. 

Аталған жалпы ауданы 2 мың га жер Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқан.