Жезқазғанда сауда желісіне қантты шектен тыс жоғары бағамен жеткізіп келген делдардар анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қант және құс еті көп көлемде жеткізілген 

Фото ашық дереккөзден

Жезқазған қаласындағы супермаркеттер желісіне «Төлеуов» ЖК қантты жеткізуде делдалдарды ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Кәсіпкер қанттың 1 келісін 438 теңгеден жеткізіп, ай сайынғы сату көлемі 65 тоннаны құрайтыны анықталды.

«Аталған жеке кәсіпкермен комиссия жұмысының нәтижесінде көрсетілген супермаркеттер желісіне қантты делдалсыз тікелей жеткізу туралы келісім жасалып, қанттың өзіндік құны 8% арзандап, 403 теңгені құрады. 

Осылайша, Жезқазған тұрғындары ай сайын 2,2 миллион теңгені үнемдейтін болады. Сонымен қатар, облыста «Амина» ЖК тауық етін 15 пайыздан астам тауарлық үстемемен сату фактісі анықталды»,- деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, баға 10%-ға, 1 кг үшін 1220 теңгеден 1098 теңгеге дейін төмендетілді. 

Еске салайық, ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңға сәйкес ӘМАТ үшін шекті сауда үстемесінің мөлшері өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының 15% аспауы керек.