Петропавлдағы №4 мектепке балтамен шабуыл жасаған жасөспірім бұрын өзіне өзі қол жұмсамақ болған
Педагогтар шабыуыл жасаған баланың құрдастары тарапынан қорланғанын мойындады
Солтүстік Қазақстан облысының Прокуратурасы Петропавлдағы №4 мектепке жасалған шабуылдың егжей-тегжейін ашты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Петропавл.news-ке сілтеме жасап.
13 ақпанда тоғызыншы сынып оқушысы балтамен қаруланып, маска киіп, үш оқушыны жарақаттады. Өз кезегінде прокуратура жасөспірімнің психиатриялық есепте тұрғанын растады. Баланың бұрындары өз өзіне қол жұмсамақ болғаны белгілі болды. Осыған байланысты ол үш ай бойы сабақұа бармаған. Прокурорлардың сөзінше, мұғалімдер оған мән бермеген.
«Бұл бала 2021 жылы деструктивті мінез-құлық белгілерін көрсете отырып, өз-өзіне қол жұмсауға тырысты. Алайда бұл туралы мектептен бастап денсаулық сақтау органдарына хабарланған жоқ. Мектеп әкімшілігі өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің мән-жайын анықтаған жоқ. Осылайша, бізде білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары арасында өзара іс-қимыл жоқ, мұндайға жол беруге болмайды»,-деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбу Әли Саттар.
Облыстық прокуратурада өткен кеңесте педагогтар қайғылы оқиғаға дейін баланың құрдастары тарапынан қорланғанын мойындады.