Қалада бұл жанармай түрін тұтыну бірден 30-35%-ға өсті
Алматы қалалық әкімдігінде дизель отынына қатысты қазіргі жағдай туралы айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматы қаласында 213 автожанармай құю станциясы жұмыс істейді. Оның ішінде ірі 6 компанияға 176 жанармай құю станциясы ( 82%) тиесілі. Алматы қаласына ЖЖМ жеткізу Шымкент «Петро Қазақстан Ойл продактс» мұнай өңдеу зауыты (ПКОП үлесі - 40%), Павлодар мұнай – химия зауыты (ПМХЗ үлесі – 35%), Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ үлесі - 25%)» арқылы жүзеге асырылады», - деп хабарлады қала әкімдігінен.
Осы жылдың 15 наурызынан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуге жабылды, осыған байланысты Алматыда дизель отынын жеткізу тоқтатылды. Осы кезеңде ПМХЗ мен АМӨЗ-ден дизель отынын жеткізу шамамен 12 мың тоннаны құрады.
Бүгінгі таңда ірі желілік ЖҚС және қаланың мұнай базаларында шамамен 8,8 мың тонна дизель отыны бар, 4-5 күн ішінде шамамен 4,7 мың тонна жеткізіледі деп күтілуде.
Соңғы уақытта облыс тұрғындары, сондай-ақ транзиттік көлік иелері тарапынан дизель отынына деген сұраныс артқан. Бұл тұтынудың бір мезгілде 30-35% - ға өсуіне себеп болды және жекелеген ЖМҚС-ға жеткізудің (резервуарлардың уақтылы толықтырылмауының) үзілуіне әкелді.
Қала тұрғындарын, автобус парктері мен коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында жекелеген ЖҚС-да дизель отынынның сатылуына шектеу енгізді.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының әкімдігі ҚТЖ және ЖМҚС желілерімен бірлесіп тұрақты негізде жолда дизель отынына мониторинг жүргізеді. Басқа өңірлерде вагондардың тоқтап қалуына байланысты мәселелер де бар.
Шымкент мұнай өңдеу зауытында өндіріс қайта басталғаннан кейін жағдай тұрақтанады деп күтілуде. ҚР Энергетика министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша, ПҚОП жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы сәуір айының бірінші онкүндігінде аяқталады.