Жер асты дүмпулері 22.47-де тіркелген
Шымкент пен Тараз қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС сайтына сілтеме жасап.
Some мәліметтері бойынша жер сілкінісі 22.47-де тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 848 шақырым жерде Ауғанстан аумағында болды.
Шымкент, Тараз қалаларында 3 баллдық дүмпу сезілді.
ТЖМ қирау туралы ақпарат түспегенін хабарлады.
«Қажет болған жағдайда азаматтар 112 телефонына қоңырау шала алады», - деп қосты ТЖМ.
Адамдар бейнелерді әлеуметтік желілерде бөлісуде. Көпқабатты үйлердің тұрғындары бірден көшеге шыққан.