Соңғы мәлімет бойынша қазақстандықтардың 53,11% дауыс берген
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында азаматтардың учаскелерге келуі туралы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 18:10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 53,11%-ы бюллетеньдер алды.
Оның ішінде:
19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.
Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізіміне 12 миллионнан астам азамат кіреді.
Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.