Түркістан облысында 54 жастағы әйел ұл босанды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл отбасындағы екінші бала

Түркістан облысы Ордабасы ауданының перзентханасында 54 жастағы әйел босанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Otyrar.kz ақпараттық агенттігінің жазуынша бала кесарь тілігі арқылы дүниеге келген, салмағы

4 510 келі. Қазіргі уақытта ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Айта кетерлігі, бұл отбасындағы екінші баласы. Әйел 2020 жылы 51 жасында қыз туған.