Былтыр елімізде 128,5 мың жұп некесін қиып, 17,7 мың жұп ажырасқан
Былтырғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 128,5 мың жұп некесін қиған. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,4%-ға аз көрсеткіш, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ranking зерттеушілерінің мәліметінше, қалада неке қиғандар саны бір жылда 14%-ға, яғни 85,5 мыңға дейін азайса, керісінше, ауылдық жерлерде некеге отырғандар саны 5,4%-ға, яғни 43,1 мыңға артқан.
«2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда ажырасқандар саны 17,7 мың болған, дегенмен бұл бір жыл бұрынғыдан 8,1%-ға аз көрсеткіш. Қалалық жерлерле ажырасулар саны бір жылда 11,9%-ға азайып, 13,1 мыңға дейін, ал ауылдарда керісінше, 4,7%-ға өсіп, 4,6 мыңға жеткен», - дейді сарапшылар.
Өңірлік тұрғыдан алғанда, некенің көбі Алматыда – 13,6 мың – тіркелген, алайда бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 27,6%-ға аз. Үздік үштікке сонымен қатар халқы тығыз Түркістан облысы (13,3 мың, бір жылғыдан 4% аз) және Астана (10,7 мың, бір жылғы көрсеткіштен 12,7% аз) кіреді. Ең аз неке Ұлытау өңірінде тіркелген.
«Ресми тіркелген ажырасулар саны бойынша алғашқы үштікте Алматы (2,3 мың), Астана және Қарағанды облысы (екі өңірдің әрқайсында 1,6 мың ажырасу) тұр. Ең аз ажырасқандар Ұлытау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында тіркелген», - делінген зерттеуде.
Елдегі некеге тұру коэффициенті әр 1 000 адамға шаққанда 7,29-дан 6,46-ға дейін төмендегені байқалады. Некенің ең жоғары коэффициенті елордада тіркелді: 1000 адамға шаққанда 7,72. Үздік үштікке Алматы мен Қарағанды облыстары да кірді.
Ажырасу көрсеткіші де әр 1 000 адамға 1-ден 0,89-ға дейін төмендеді. Өңірлік тұрғыда ең жоғары коэффициенттер Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында, ең төменгісі – Түркістан облысында тіркелді.
Айта кетсек, БҰҰ мәліметі бойынша, 2021 жылы ТМД елдері арасында некеге тұрудың ең жоғары көрсеткіші Өзбекстанда тіркелген: 1000 адамға 8,8-ден тиесілі. Молдова мен Қырғызстан екінші және үшінші орындарда тұр: 1000 адамға сәйкесінше 8,6 және 7,6-дан келеді. Қазақстанда коэффициент әрі 1000 адамға шаққанда 7,4 (ҚР БНС ASPIR деректерінен біршама айырмашылық), Беларусьте - 6,4, Әзірбайжанда - 5,6 көрсеткішті құрады.
Ажырасудың ең жоғары көрсеткіші Молдовада: 1000 адамға 3,8-ден байқалды. Одан кейін Беларусь пен Украина тұр: 1000 адамға сәйкесінше 3,7 және 2,9. Қазақстанда коэффициент 1000 адамға шаққанда 2,5 көрсеткішті құраған.