Қызылорда облысында оқушылар мектепке кейде қайықпен қатынауға мәжбүр

Автор: Azattyq Rýhy

Бастауыш мектепте асхана мен спорт алаңы жоқ

Қызылорда облысының Арал ауданында бастауыш сынып оқушылары 40 жыл бұрын салынған балықшылар жатақханасында білім алып жатыр. Ал жоғары сынып оқушылары, тіпті, білім ордасына өзен арқылы қайықпен қатынауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі 31-арнаның «Информбюро» ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Пантонный» көпірінен өтіп бара жатқанда мұз жарылып кете ме деп қорқамыз. Қайықпен өткен күндеріміз де болды. Мектепке жеткенше шаршап қаламыз», – дейді 5-сынып оқушысы Қаһарман Айжарықұлы. 

Қазір 20 оқушы мектепке алты орындық көлікпен қатынап жүр.