Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 45,3%–ға артық
2019 жылы желтоқсанда айырбастау пункттерінің таза-сатылымы 214,3 млрд теңгені құрады – қараша айына қарағанда 0,9% - ға аз, бірақ 2018 жылғы желтоқсанға қарағанда 66,5% - ға артық, деп хабарлайды ranking.kz.
Доллардың ресми айырбас бағамы желтоқсан айына орташа есеппен 1 АҚШ доллары үшін 383,9 теңгеге тең болды. Бұл қараша айына қарағанда 1%-ға аз, бірақ 2018 жылғы желтоқсан айына қарағанда 3,2% - ға көп. 2020 жылғы қаңтарда доллардың ресми бағамы орта есеппен 378,7 теңгені құрады-өткен айға қарағанда 1,3% - ға кем.
«Жалпы 2019 жылы айырбастау пункттерінің АҚШ долларын нетто-сату көлемі 2 трлн теңгеден асты, бұл 2018 жылдың қаңтар — желтоқсанына қарағанда 45,3% - ға артық», - деп жазады портал.
2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ел бойынша таза-сатудың барлық көлемінің жартысынан сәл астамы екі мегаполиске тиесілі – Алматы (731,3 млрд теңге) және Шымкент (305,3 млрд теңге). Көшбасшылар үштігін 155,6 млрд теңге көлемінде Нұр-Сұлтан тұйықтады.
АҚШ доллары ең аз сатылған: Алматы (22,4 млрд теңге), Түркістан (24,8 млрд теңге) және Солтүстік Қазақстан (29,1 млрд теңге) облыстары.