«Комиссия құрылсын»: Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің тіреуіштері опырылып құлағалы тұр

Автор: Әйгерім Ердәулет

Тұрғындар қала әкіміне видеоүндеу жолдады

Видеодан кадр

Ақтаудағы №5 шағынауданның тұрғындары көпқабатты тұрғын үйдің кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін екенін айтып шағымданды. Олардың айтуынша, пәтер иелері кооперативінің жетекшісі №1 үйдің тұрғындарынан ай сайын ақша жинап алып, ешқандай жөндеу жұмыстарын жүргізбейді. Енді коммуналдық мәселеге әкімнің араласуын талап етіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Ең бірінші рет 2004 жылы үйіміздің төбесіндегі көптонналық тіреуіш құлады. 2016 жылы екіншісі құлады. Осы күнге дейін бұл тіреуіштер тұрғын үйлердің үстінде ілулі тұр және кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін. 2016 жылы құлағаннан кейін «Шанс» ПИК» төрайымы Вежновец Татьяна «қала әкімдігі бұл мәселені шешуге қаражат бөлді» деп айтқан. Бірақ жұмыс орындалмады. Бюджеттен бөліген қаражат қайда кетті? Ешкім заңмен жазаланбады», - дейді тұрғындар.

Тұрғындардың айтуынша, «Шанс» ПИК» үйдің кіреберісін, шатырын, қираған баспалдақтарын жөндегені үшін шот-фактуралар  көрсетеді екен. Ал шын мәнінде, ол жұмыстарды жұмысты кәсіби құрылысшылар емес, қарпайым адамдар сапасыз материалдармен жасапты.

«Бірнеше жыл бұрын үйдің кіреберісіндегі қабырғалар боялған еді, бірақ барлық боялған жер опырылып түсті. Татьяна Вежновец бізге бәрін түзетеміз деп сендірген болатын. Шамамен бес жыл бойы ештеңе жасалмады. Кіребер үгітіліп түсіп жатыр», - деп қынжылады тұрғындар.

Ашуланған қала тұрғындары ауыз судың жоқ екенін де айтты.

«Құрметті Ербол Ізбергенов, сіз ауызсу қазір толық көлемде және қалаға жақсы қысыммен беріледі деген мәлімдеме жасадыңыз. Бізге, әлі күнге дейін жоғарғы қабаттарға су жетпейді.  Ондағы тұрғындар судың қашан берілетінін аңдып отырады. Біз «Шанс» ПИК-ке және Ақтау қалалық әкімдігіне сорғыларды орнатуға өтініш бердік. Жауап әлі жоқ. Біздің үйге сорғыларды тезірек орнатуға көмектесуіңізді сұраймыз. Өйткені биыл көктемнен бастап 294 отбасы өмір сүруге қажетті көлемде ауыз суды пайдалана алмай отыр. «Шанс» ПИК-тің жұмысын тексеру жөніндегі комиссия құрылсын» - дейді Ақтау тұрғындары.