Жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысады
25 тамызда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс берушілердің ұсынылған бос жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысады. Жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз», – делінген хабарламада.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК аумағында өтеді. Мекенжайы: Республика даңғылы, 34.