Жұмысқа орналасқандардың 34 пайызы жастар
Жыл басынан бері 296 мың адам жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
"7 айдың қорытындысы бойынша 296 мың адам жұмысқа орналастырылды. Олардың 55 пайызы тұрақты жұмысқа орналастырылса, 45 пайызы уақытша жұмыс орнына тұрған. Жұмысқа орналасқандардың 34 пайызы жастар болса, 66 пайызы – 29 жастан жоғары адамдар. Жыл басынан бері 154 мың бос жұмыс орны құрылған", - деп атап өтті министр.