Еліміздің 6 аймағында құрылған штаб жұмысы 24 сағат бойы жұмыс істеп тұр
Нұр-Сұлтан қаласында қолайсыз ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильн айтты.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды. Ол әділет басқармасында тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта қалған 6 аудан бойынша төтенше жағдай бойынша комииссия жиналысы өтейін деп жатыр. Төтенше жағдай жариялаудың себебі – адамдарды медициналық қызметтермен, азық-түлікпен қамтамасыз етудің, жұмысқа, үйге жетудің қиындап кетуі», - деді Ю.Ильин.
Айта кетейік, кешеден бері солтүстік аймақтарда қатты боран соғып, желдің күші 28 метр секундтқа дейін жетті.
«6 аймақтағы штаб 24 сағат бойы жұмыс істеп тұр. Республика бойынша 96 жол учаскесі жабық. Олардың 61-і Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық дәрежедегі жолдар. Сонымен бірге облыстық дәрежедегі 34 жол жабылды. Әсіресе, кеше түнде жағдай қиын болды. Желдің жылдамдығы 28 метр секундқа жетіп, автокөліктер тұрып қалды», - деді бұған қатысты ІІМ орынбасары.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан