СҚО әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мекемесінің басшылығы сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ басшысы және осы басқарманың бөлім басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Олар қызметтік өкілеттіктеріне кіретін іс-әрекеттер үшін айтарлықтай мөлшерде жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде. Қазіргі уақытта екі эпизодпен жалпы сомасы 650 мың теңге пара алу бойынша айып тағылды. Мекеме басшысына қатысты үйде қамап ұстау бұлтартпау шарасы ретінде санкцияланды. Бұдан бөлек, аталған адамдардың қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу нәтижесінде ірі мөлшерде пара алуға жайлы жоспарлаған басқа да қылмыстардың алдын алынды», - делінген.
Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.