$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.02.2022, 10:13
Қоғам

«Анархияға жол берілген жоқ»: депутат Әлия Әбсеметова «қаңтар оқиғасына» байланысты пікір айтты

«Қаңтар оқиғасы» салдарынан 227 адам қаза тапты

«Анархияға жол берілген жоқ»: депутат Әлия Әбсеметова «қаңтар оқиғасына» байланысты пікір айтты
Фото ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты, көпбалалы ана Әлия Әбсеметова қаңтарда болған бүліктерге қатысты өз пікірін білдірді. 8 баланың анасы бұл оқиғалар кезінде үйінде болмай, бірнеше күн бойы сары уайымға салынғанын айтып отыр.

Еске салайық, 5-7 қаңтар аралығында Қазақстанның бірнеше өңірінде жаппай тәртіпсіздіктер болып, жүздеген адам қаза тапты.

«Қаңтар оқиғасы барша қазақстандықтар үшін үлкен сын болды. Отбасым Алматы облысындағы ауылдардың бірінде тұрады. Жолдасым екеуіміз 8 баланы тәрбиелеп отырмыз. Оқиғалар кезінде ауылда жоқ едім. Жанұямның қасында бола алмай, жанымды қоярға жер таппадым. Балаларымның өмірі үшін қорықтым...

Есіңізде болса, дүкендер жабық. Ештеңе жұмыс істемейді. Жол жабық, әуежай жабық, ешқайда шыға алмайсың. Алматыдағы жағдай тіптен сұмдық болды. Осының бәрі тезірек бітсе екен, аяқталса екен деп тілеп қана отырдық», - дейді депутат.

Ол Президенттің батыл қадамдары ғана тығырықтан шығуға себеп болғанын айтады.

«Бүкіл халық теледидарға үңілді. Мемлекет басшысының шешімін күтті. Президентіміздің үндеулері мен табанды позициясы халыққа үлкен демеу болды. Әр сөзін шегелеп, елдегі тәртіпті қалпына келтіру үшін қолынан келгенін аямайтынын айтты.

Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдаған шешімдерін естіген соң ғана көңілім орнына түсті.

Анархияға жол бермей, Президентіміз өз мойнына жауапкершілік алып, нақты шараларды қолға алғаны үшін ол кісіге ана ретінде, қазақтың бір қызы ретінде, шынайы алғысымды айтамын», - деді ол.

Депутат – көпбалалы ана Ә.Әбсеметова елде жағдай тұрақталатынын, ол үшін уақыт керек екенін айтты. Қоғам қаңтар оқиғасы туралы шынайы, әрі нақты ақпарат алатын болады дейді ол.

Серіктес жаңалықтары