$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.12.2021, 14:47
Қоғам

Тергеу кезіндегі азаматтың өліміне байланысты полицейлер қызметінен босатылды

Полицияның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер қозғалды

Тергеу кезіндегі азаматтың өліміне байланысты полицейлер қызметінен босатылды
Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысының тұрғынын ұстауға қатысқан полицейлер жұмысынан шығарылды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетовке сілтеме жасай отырып Tengrinews.kz хабарлады. 

Шымкент Полиция департаменті басшысының мәліметінше, 8 желтоқсанда Шымкентте автокөлік құралдарын ұрлады деген күдікпен бұрын-соңды мүліктік қылмыс пен қарақшылық үшін сотталған Қостанай облысының екі тұрғыны ұсталған. Олардың автокөлігінен көліктерді ашуға арналған техникалық құралдар, радиостанциялар, маңдай шамдар мен қолғаптар табылып, тәркіленген.

"Ұстау және жеткізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктілерге күш қолданған. Күдіктілердің біреуі ғимаратта өзін нашар сезініп, жедел жәрдем келген уақытта медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтады", - деді ол.

Полицияның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер қозғалды.

"Осы дерек бойынша жүргізілген қызметтік тергеумен ұстауға қатысқан қызметкерлер және олардың іс-әрекеттеріне бақылауды қамтамасыз етпеген басшылары ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, олардың қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады", - деді полиция басшысы.

Төтенше оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Шымкентке ІІМ-нен министрдің орынбасары бастаған комиссия келгені де хабарланды.

Бұған дейін Шымкентте күдікті жауап алу кезінде қайтыс болғаны хабарланған болатын.



 

Серіктес жаңалықтары