Мемлекет басшысы азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Оның айтуынша, азық-түлік бағасының өсімі әлем нарығындағы күрделі мәселе

Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына сапары аясында азық-түлік бағасының қымбаттауына және ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ақорда.  

Әлемде барлық тауардың бағасы шамамен 40-50 пайызға қымбаттады. Елде азық-түлік бағасы қордаланған мәселелердің салдарынан қымбаттап отыр.

"Бұл мәселені шұғыл шешуге қанша тырыссақ та, жағдайды өздеріңіз де көріп отырсыздар. Аталған мәселені жүйелі түрде шешуіміз қажет. Ауыл шаруашылығы саласына қыруар қаржы бөлсек те, азық-түліктің басым бөлігін сырттан аламыз. Өзге елдер субсидияның не екенін де білмейді. Білсе де, дәл осындай мол қаржы бөлінбейді. Бір жағынан адамдарды босаңсытып жібердік, екінші жағынан сыбайлас жемқорлыққа жол беріп алдық", – деді Президент.

Президент бұл мәселемен түбегейлі айналысу керек екенін, үкіметке, ауыл шаруашылығының жаңа министріне міндет жүктегенін атап өтті.