Аталған фотодерекке байланысты «Сбербанк Қазақстан» баспасөз қызметі пікір білдірді
Алматы арнасының хабарлауынша, ескертпе қағаз Түркістан қаласындағы «Сбербанк» банкоматтарының біріне жапсырылған. Банктың ресми мәлімдемесінде банкоматқа жапсырылған хабарлама қағазды банк қызметкері ешкіммен келіспей, өзі жабыстырғаны айтылған.
«Аталған фотодерек бойынша төмендегі жайтты хабарлаймыз:
Мәселенің анық-қанығын тексеру барысында банкоматтағы хабарлама қағазды банк қызметкері ешкіммен келіспей, өзі жапсырғаны анықталды. Аталған қызметкермен, сондай-ақ, басқа да қызметкерлермен жиын өткізіліп, болашақта басшылықпен келіспей мұндай әрекетке жол бермеулері туралы түсіндірілді және қатаң тапсырылды. Мұқияттылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
Аталған келеңсіз жағдай үшін кешірім сұраймыз», – делінген банк хабарламасында.